Ольга Скрынник жолдасымен бірге Катонқарағай ұлттық паркінің табиғатына ғашық болып, Алматыдан көшіп келген. «Ясная Поляна» қонақ үйі Өскеменнен 392 шақырым жерде, Катон-Қарағай ұлттық орталығының аумағында, Өрел ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан.
2016 жылы отбасы «Ясная Поляна» қонақ үйінің құрылысын бастаған. Бүгінгі таңда «Ясная Поляна» - бұл үлкен ағаш бөрене үйі, монша және үш айыл (3 адамға арналған этникалық үй).
Үй иелері қонақ үйі және тамақтанудан бөлек Катон-Қарағайдың көрікті жерлеріне жаяу және авто турларды, арт-терапияны, фотосессияларды және Алтай қолөнершілерінің шеберлік сыныптарын ұсынады.
Қор үйді жөндеуге және оны стандарттарға сәйкестендіруге ақша бөліп, «Ясная Поляна» қонақ үйіне гранттық қолдау көрсетті. Сонымен қатар, үй иелері «Қонақжайлылық мектебі» бағдарламасы бойынша оқытудан өткен.
Ольга Алексеевна Скрынник
Катонқарағай ауданы, Өрел ауылы
«Бірнеше жыл бұрын мен Алтайдағы Катонқарағайға келдім, Язевое көліне, Марқакөлге, Патша алқабына барып, осы жерлерге қайран қалдым. Алтайдың таңғажайып жерлерін тек мен ғана емес, кез келген адамның көріп, сезінгенін қаладым.»