Біз осы арманымызға қол жеткізу үшін күн сайын не істейміз?

Біз ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорын құрдық және олардың арқасында ауылдардағы өмір сүру сапасы арта түсетін жобаларды іске асырудамыз.

Осымен төрт жыл бойы біз 3 ауылдық ауданда жұмыс істеп келе жатырмыз, білім беру, денсаулық сақтау, туризм, абаттандыру және қазақстандық ауылдарды өңірлік дамыту проблемалары мен мүмкіндіктерін зерттеп жүрміз.
Болашақта біздің жобаларымыз бүкіл елді қамтитын болады, біз тек ауылдармен ғана емес, сонымен қатар түрлі ауқымдағы қалалармен де жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.

Біздің жобаларымыз Бизнесті, Билік пен Қоғамды біріктіреді. Біз аумақтың орнықты дамуын, демек, азаматтардың жоғары сапалы өмір сүруін тек бірге ғана қамтамасыз ете аламыз.

Егер бей-жай қарамайтын барлық азаматтар, бизнесмендер, сарапшылар, мемлекеттік қызметкерлер бізге қосылып, бастамаларымызды қолдаса, біз қуанамыз.
Серік Жүнісов


Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының жетекшісі

Біздің үлкен арманымыз — Қазақстандағы әрбір адамда елдің тұрақты дамуы жөніндегі анық түсінігі болуы. Әрбір азаматтың болашаққа сеніммен қарауы. Жас ұрпаққа қамқорлық таныту.

— Біз қалай жұмыс істейміз
01
Ауданды анықтаймыз
02
Үйлестіруші іздейміз
Әлеуметтік-экономикалық-экологиялық жағдайды талдаймыз
03
04
Стратегия әзірлейміз
Басым бағыттарды анықтаймыз
05
06
Бизнесті, Билікті және Қоғамды тартамыз
Жобаларды іске асырамыз
07
08
Мониторинг және өзектендіру жүргіземіз
Қазір біз осы аудандарда білім беру, денсаулық сақтау, абаттандыру, туризм және өңірлік даму жөніндегі 100-ден астам жобаны жүзеге асырып жатырмыз
— Қордың командасы
— Қор Серiктестерi
INVIVO зертханасы – Орталық Азия өңіріндегі желілік өңірлік құрылымы бар алғашқы зертхана.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 350-ден астам қабылдау пункті, 600-ден астам білікті маман табысты жұмыс істеуде.


«ОЛИМП» КДЗ бүгінгі таңда Қазақстан аумағындағы жеке зертханалардың ірі желісі болып табылады - 400-ден астам емшара кабинеті мен 18 зертхана.
Біздің білім беру саласындағы басты серіктесіміз – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Біз «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасын бірге іске асырудамыз.

НЗМ мамандары білім беру сапасына талдау жүргізеді, оқыту әдіснамасын ауыл мектептеріне береді, түгендеу жүргізеді және педагогтарға білім беру сапасын арттыруға көмектеседі.

Қор демеушілік қаражат есебінен НЗМ стандарттары бойынша мектептердің материалдық базасын жаңартады.
Ал Marwin дүкендер желісі ауыл мектептерінің кітапханаларына көмектеседі.
Оқу жабдықтарын жеткізу бойынша жобаның серіктесі – «Базистік дүкен» компаниясы (WORLDDIDAC қауымдастығының мүшесі, Берн, Швейцария). Компания оқу жабдықтарының жүздеген өндірушілері мен дистрибьюторларын біріктіреді.
Қордың әр түрлі жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін сенімді серіктестері бар. Осы ұйымдардың барлығына бір идея ортақ: олар қарапайым адамның өмірін жақсы жаққа қарай өзгертеді.