To main content
Серік Жүнісов
Экология жөніндегі бағдарламаның жетекшісі

Қоршаған ортаны қорғау - мемлекетіміздің тұрақты дамуындағы маңызды буын. Өкінішке қарай әзірге экологиялық бағытта елімізде де, әлемде де шешілмеген мәселелер көп. Тіпті кішігірім экологиялық проблемаларды елемеу өзіңе қарсы қылмыс жасаумен тең. Сонымен қатар ауданның жақсы экологиясы - бұл негізгі артықшылық және оның инвестициялық тартымдылығының кепілі.

Біз экология мәселелеріне көп көңіл бөлеміз. СО2 эмиссиясын басқару, «жасыл» энергетиканы пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару сияқты проблемаларды шешуде жүйелі тәсіл маңызды.

Сіз кез келген уақытта біздің жобаларымызға қосыла аласыз және бірге біз бұл әлемді сәл тазартып, келер ұрпақ үшін сақтап қаламыз.

Біз ағаш отырғызамыз
5,000
Макинск қаласында
1,175
Шешек саябағында
129
Ардагерлер саябағында
100
Қасым Қайсенов кентінде
6404
Тұрақты даму қоры экология мәселелеріне көп көңіл бөледі. Мысалы, қордың жұмыс істеуі барысында еліміздің түрлі өңірлерінде 6404 ағаш отырғызылды.
Қазіргі таңда біз Катонқарағай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарумен айналысып жатырмыз. Біз ауданда түзілетін қалдықтардың көлеміне талдау жүргіземіз, жинау техникасының қуатын және қоршаған орта үшін қауіптерді бағалаймыз.

Содан кейін осы мәліметтер негізінде жұмыс істейміз. Мақсатымыз - тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа зиян келтірмей және адам үшін барынша пайдалы экологиялық кәдеге жарату.