«Заманауи әлемде сапалы білім маңызды рөл атқарады. Білімді ұлт – біздің болашағымыз. Қазақстанда білім беру жүйесі күрделі экономикалық жағдайларда дамыды. Бүгінгі таңда бұл салада әлі де көптеген проблемалар бар. Бұл уақыттың сын-тегеуріндері.
Алысқа барудың қажеті жоқ. Қазірдің өзінде біз қала мен ауылдағы білім сапасының алшақтығын көріп отырмыз. Бұған PISA 2018 оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеудің соңғы есебінің деректері дәлел. Бірақ ең бастысы – біз бұл жағдайды бірге түзете аламыз және барлық мәселе болмаса да, кем дегенде бір бөлігін шешуге тырысамыз.
Бізге хат жазыңыз, біз бірге туған Қазақстанымызды білімді және барлық жаһандық нарықтарда сұранысқа ие етеміз.
PISA — тест, оценивающий функциональную грамотность школьников в разных странах мира и умение применять знания на практике.
Проходит раз в 3 года. В тесте участвуют подростки в возрасте 15 лет.
— Қордың негізгі білім беру жобасы
«Powered by NIS ауыл мектебі»
Қор «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын іске асыруда. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірге біз мектептерді НЗМ стандарттары бойынша жабдықтаймыз, оқытушылар құрамына әдіснамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеміз.
2019 жылдан бастап біз Катонқарағай, Ұлан, Бұланды және Бурабай аудандарының 5 мектебіне 1 миллиард теңгеден астам инвестиция құйдық. Осы бағдарламаның арқасында біз 50-ден астам кабинетті жабдықтадық, жобаны іске асыруға 320 мұғалім және 2 800-ден астам оқушы қатысты.
— Қордың аудандар бойынша білім беру саласындағы жобалары
Нәтижелер
инвестиция білім беру саласына
1 млрд
кабинет пен зертхана
50+
2 жыл
жоба бойынша жұмыстар
оқытушы
320
оқушы ауылдық мектептерде
280
мектеп ауылдық аудандарда
5+
Үлкен Нарын а. мектеп
Үлкен Нарын а. мектеп
Қасым Қайсенов кентіндегі Мәрсеков атындағы мектеп
Қасым Қайсенов кентіндегі Мәрсеков атындағы мектеп
Қатонқарағай а. С.Ластаев атындағы мектеп
Қатонқарағай а. С.Ластаев атындағы мектеп
Макинск қ. мектеп-гимназия
Макинск қ. мектеп-гимназия
— Қор серіктестері
Біздің білім беру саласындағы басты серіктесіміз – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Біз бірге «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын іске асырамыз.
НЗМ мамандары білім беру сапасына талдау жүргізеді, ауыл мектептеріне оқыту әдіснамасын береді, сондай-ақ мектепке түгендеу жүргізіп, білім беру сапасын арттыруға көмектеседі.
Marwin дүкендер желісі «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасына қатысатын мектеп кітапханаларына көмектеседі.
Жобаның жабдықтарды жеткізу жөніндегі серіктесі WORLDDIDAC қауымдастығының мүшесі (Берн, Швейцария) – «Базистік дүкен» компаниясы болып табылады. Компания оқу жабдықтарының жүздеген өндірушілері мен дистрибьюторларын біріктіреді.