Биоматериалды алу пункті алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылында ашылды. Пункт INVIVO франшизасы бойынша жұмыс істейді және клиникалық диагностика қызметтерін Бородулиха тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар іргелес ауылдардың да тұрғындарына ұсынады.
Пунктті Ольга Скокова ашқан. Ол ұзақ уақыт бойы электр тауарлары дүкенінде бухгалтер-кассир болып жұмыс істеген, бірақ әрқашан өз бизнесін ашуды армандаған. Ольга франшиза жобасы туралы әпкесінен естіген, олар бірге қажетті соманы есептеп, процесті бастаған.
Тұрақты даму қоры 1 200 000 теңге бөлген, Ольга ол қаражатқа қажетті жабдық пен жиһаз сатып алған.
Ольга Скокова
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы
«Мен ауыл тұрғындарына сапалы медициналық диагностика ұсыну туралы Қор идеясымен келісемін, болашаққа құлшыныспен қараймын және болашақта Семей қаласында биоматериал алу пунктін ашуды жоспарлап отырмын»