Ресми деректер бойынша қазақстандық ауылдардағы кедейлік деңгейі 7,6%-ды құрайды, бұл еліміздің қалаларындағы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары.

Осы ретте қазақстандық ауылдардың ресурстары айтарлықтай үлкен, ауыл адамдары жақсы өмір сүре алады және солай болуы да тиіс.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін өзекті мәселелерді шешіп, адамдарға өсу мүмкіндіктерін көрсету керек.

Біз ауылда өмір сүру деңгейін арттыру үшін бірқатар жобаларды іске асырамыз, бұл жобалармен біздің сайтта танысуға болады. Үлкен өзгерістер кішілерінен басталады және олар жалғыз жасалмайды. Біріге жұмыс істейік!

Өңірлік даму бағдарламасының және денсаулық сақтау бағдарламасының жетекшісі
Фатима Герфанова