тұрақты дамыту
қоры

Ауылдық аймақтарды

Ауылдық аймақтардың әл-ауқатын арттыру арқылы елдің тұрақты дамуына үлес қосамыз!

Біз жобалардың басым бөлігін Қазақстан ауылдарында жүзеге асырып жатырмыз. Елімізде 166 аудан болса, олардың әрбірінің жеке тарихы, жетістігі мен мәселесі бар. Біздің міндетіміз – әр ауданның бай әлеуетін ашу.
Біз ауылдарға экономика, экология және әлеуметтік даму саласында қолдау көрсетеміз. Әрі мәселелерді кешенді түрде шешуге тырысамыз.
4
жыл белсенді жұмыс жасалды
3
ауданды қазір дамытып жатырмыз
100+
жоба жүзеге асуда
43,1 млрд
инвестиция тартылған
Біздің жобамыз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының 3 ауданында жүзеге асырылады. Олар: Катонқарағай, Шемонаиха және Бұланды.
— Бағыттар
— Жаңалықтар
    Қор Қазақстан ауылдарында биоматериал алу пункттерін ашады
    — Арнайы жоба
    Қордың ауылдық денсаулық сақтау саласындағы тағы бір маңызды жобасы – биоматериал алу пункттерін іске қосу. Осы бастаманың арқасында ауыл тұрғындарына енді COVID-19 талдауларын тапсыру үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Мұны өз ауылында жасауға болады.
    Жобаны жүзеге асыру барысында 11 ауылда биоматериал жинау пункттері ашылды. Осы мақсатта 16,5 миллион теңгеге грант берілді. Жобаның мүмкіндіктерін 6 өңірдің кәсіпкері пайдаланды.
    Қор ауыл тұрғындарына «ОЛИМП» КДЗ және INVIVO-мен бірлесіп гранттық қолдау көрсетті.
    Серіктестер
    Демеушілер
    «НЗМ» ДББҰ стратегиялық серіктес ретінде мектеп диагностикасы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырумен қатар, жобаға әдіснамалық қолдау көрсетеді.
    2021 жылдан бастап компания ауыл мектептерінің кітапхана қорын жаңарту мақсатында тегін кітаптар мен оқу материалдарын ұсынады. Бұл "Ауыл мектебі" жобасы бойынша жүргізіледі.
    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
    Компания жобаға қатысушы мектептерге оқу жабдықтарын жеткізіп, білім беруге байланысты шешімдерге атсалысады. Сондай-ақ ол –Worlddidac пен Kazdidac қауымдастықтарының мүшесі.
    MARWIN интернет-дүкені
    «Базисный магазин» ЖШС
    AITAS холдингі және оның негізін қалаушы Серік Толықпаев 2019 жылы «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасының бастамашысы болып, Катонқарағай, Бұланды және Ұлан аудандарындағы алғашқы 5 мектепті жаңғыртуға
    1 млрд теңге бөлді. AITAS бағдарламаға қатысатын барлық мектепте жобаның әкімшілік шығындарын қаржыландыруды жалғастыруда.
    AITAS холдингі
    «Қазақстан халқына» қорымен ынтымақтастық аясында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы үшін Beeline Қазақстан компаниясы 2 млрд теңге бөлді. Соның нәтижесінде жобаға тағы 8 мектеп қосылды.
    Beeline – ұялы байланыс операторы
    «Қазақстан халқына» қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге меморандумға қол қойды. Оның аясында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына 4.25 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
    «Қазақстан халқына» қоры
    Біздің сайт та cookie файлдарын пайдаланады!