Экология саласы
ҚТҚ басқару

Үлкен Нарын ауылындағы ҚТҚ полигонын қоршау

2019 жылы біз Үлкен Нарын ауылындағы алаңы 4 га ҚТҚ полигонын қоршадық. Онда қоқыс полигоннан тыс ұшып кетпеуі үшін біз тор мен монтаж сымын орнаттық. Сондай-ақ 42 бағанды қалпына келтіріп, қоршау орнату үшін аумақты сыртқы периметрі бойынша тазаладық.

Мерзімі 2019 жыл
Құны 2 021 834 теңге