Жаңалықтар

Фатима Герфанова Тұрақты дамытудың ұлттық стратегиясын дайындау мәселесін алға тартты

Бүгін Аймақтық зерттеу орталығының директоры Фатима Герфанова еліміздің тұрақты дамыту саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссияның алғашқы отырысына қатысты. Комиссия төрағасы — Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Экология министрі Зүлфия Сүлейменова мен Парламент депутаттары қатысты.
Фатима Герфанова Тұрақты дамытудың ұлттық стратегиясын дайындау мәселесін алға тартты. Бұл стратегия ішкі не сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты өзгеріп, бейімделіп отыруы керек.
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының аудандарды тұрақты дамыту стратегиясын дайындау мен енгізу бойынша тексерілген тәжірибесі барын айта кеткен жөн. Бұл үш жылдан бері өз нәтижесін көрсетіп келеді.