8 шілде күні Алматыда SDG Pioneers сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық БҰҰ-ның жаһандық шарты аясында тұрақты даму мен ғаламдық мәселелерді шешумен айналысатын бизнес өкілдері үшін тағайындалған.
SDG Pioneers (Sustainable Development Goals Pioneers) сыйлығын марапаттау рәсімі тоғыз жылдан бері әлемнің әртүрлі елдерінде өткізіліп келеді. Орталық Азияда ол алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл маңызды шарада өз кәсібінде тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатын үздік бизнес өкілдері бас қосты.
SDG Pioneers (Sustainable Development Goals Pioneers) сыйлығын марапаттау рәсімі тоғыз жылдан бері әлемнің әртүрлі елдерінде өткізіліп келеді. Орталық Азияда ол алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл маңызды шарада өз кәсібінде тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатын үздік бизнес өкілдері бас қосты.
“Қазақстан әркез тұрақтылық пен жаңа инновациялардың елі саналып келеді. Бүгін біз осы маңызды қағидаларды ұстана отырып, үлкен өзгерістер жасап жүрген азаматтарды марапаттаймыз. Бұл ТДМ ізбасарлары бізге тұрақты даму тек алыстағы арман емес, қол жеткізуге болатын айқын мақсат екеніне көз жеткізді”, – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы координаторы Микаэла Фриберг-Стори.

Марапаттау рәсімінде өңірлік тұрақты дамуғақызмет етіп жүрген ірі бизнес бағытындағы алты компания финалист атанды. Олар: Halyk.kz, ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank, SOLVA, AITAS.KZ АҚ, "ҚазАзот" АҚ.
“Біз тұрақты даму мақсаттарын ұстана отырып, таза су мен ауа, гендерлік теңдік, сапалы инфрақұрылыммен қатар, бәріне қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құрамыз. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, әділ мемлекеттік институттардың қалыптасуына жол саламыз. Бұған жету үшін қазірдің өзінде еліміздегі қаржы жүйесі, ауылдық аймақтар, білім беру мен денсаулық сақтаудың тұрақты дамуыүшін еңбек етіп жүрген мемлекет пен бизнесөзара белсенді жұмыс жасауы тиіс”, – деді БҰҰ Жаһандық шартының қазақстандық менеджері Динара Сейтжаппарова.

AITAS.KZ акционерлік қоғамы – финалистер арасындағы жалғыз ауылшаруашылық холдингі. Компания отандық азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосқаны үшін марапат биігінен көрінді. Өйткені ол кәсіби миссиясында тұрақты даму принциптерін берік ұстанып келеді.
“Біз холдинг ішінде өзіміз үшін қабылдаған құнды қағидалар бар. Олардың бірі – даналық. Мен үшін даналық пен тұрақтылық – бір-бірімен егіз ұғым. Адам жерге тал еккен кезде оның болашақ ұрпақтарына жеміс беретінін алдын-ала болжайды, өз әрекетінің маңызын тереңінен түсінеді. Даналық деген де – осы. Сондықтан тұрақты дамудың мақсаты – біздің холдинг философиясының басты бөлігі", – деді AITAS.KZнегізін қалаушы Серік Толықпаев.

SDG Pioneers байқауы бүкіл аймақта ТДМ-ға қол жеткізудің үздік үлгісін көрсетіп жүрген бизнес өкілдерінің еңбегін насихаттау мақсатында өткізіледі. AITAS сияқты компаниялардың марапатқа ие болуы тұрақты даму тек сәндіктренд ғана емес, экономика мен қоғам, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын болашақ үшін маңызды қадам екенін дәлелдейді.