Жаңалықтар

Катонқарағайдың жеке дизайн-коды пайда болады

Аудан орталығы мәртебесіне ие болған Катонқарағай қазір дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Ондағы негізгі қадамдар – жеке дизайн-кодты әзірлеу мен әкімшілік ғимараттарды қайта жаңарту.

Дизайн-код сондағы тұмса табиғаттың бірегейлігін, жергілікті тарих пен мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ ол Катонқарағай тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қажет.

Жақында Катонқарағайға Q88 аумағын тұрақты дамыту қауымдастығының командасы және Бұланды ауданы бойынша қор басшысы Данияр Нұрпейісов келіп, аудан көлемінде бірлесе атқаратын жұмыстар жайын талқылады.