Жаңалықтар

Алматыда "Үйде жақсы" жобасының қорытынды презентациясы өтеді

Достар! Сіздерді 16 қаңтар сағат 18:00-де «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өтетін «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану зертханасының қорытынды тұсаукесеріне қуана шақырамыз! Шара AlmaU Урбанистика орталығымен және Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырылып жатыр.

«Дома лучше» жобасы Қазақстандағы ауыл мен қала арасындағы айырмашылық мәселесін зерттеуге бағытталған. Зерттеудің негізгі тақырыбы Қазақстанның түрлі өңірлерінде тұратын тұрғындарының «үй» деген сөзді қалай қабылдауы болды. Этнографиялық сұхбаттардың арқасында зерттеушілер әртүрлі әлеуметтік жобалардың тиімділігін, ауылды дамыту жолында жүргізіліп жатқан саясаттың нақты салдарын, ауыл мен қала арасындағы суайрықтардың болу себептерін бақылай алды.

Зертхана жұмысының нәтижесі рolicy-paper басылымы болды. Ол зерттеудің сипаттама бөлімін фотографиялық материалдарды және ауылды дамыту бойынша ұсыныстарды қамтыды.

Шара барысында біз зерттеу нәтижелерімен бөлісетін боламыз, содан кейін әлеуметтанушы Дмитрий Рогозин және жоба кураторлары Александр Вилейкис пен Анель Молдахметованың қатысуымен қоғамдық талқылау өтеді.

Өтетін орны: Алматы,Желтоқсан к-сі, 137, «Целинный» заманауи мәдениет орталығын
Күні және уақыты: 16 қаңтар сағат 18:00-де