Макинскіде Бұланды ауданының белсенділері мен Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының 5-ші жыл сайынғы кездесуі өтті. Қор соңғы бес жылдың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ аудан кәсіпорындарымен меморандумға қол қойылды.
2020 жылы Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры мен өңір белсенділері экономика, экология және әлеуметтік ортаның бірыңғай дамуына бағытталған даму стратегиясын қабылдады. Экономикада негізгі басымдық ет кластерін дамытуға берілді, әлеуметтік ортада – Макинск қаласы мен тірек ауылдарды дамыту стратегиясы қабылданды, ал экология саласында барлық ресурс ZERO WASTE қағидаты бойынша сақтап, қалдықтарды барынша азайту және табиғатқа қамқорлық жасау жолы таңдалды.

Стратегияның нәтижелері өзімізді де таңғалдырды. Қор құрылған сәттен бастап 550 млн теңге сомасына 60-тан астам жоба іске асырылды, бұл ауданға 4,7 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Қор әзірлеген жобалық-сметалық құжаттама негізінде 17 ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.

Аудандағы екі мектеп AITAS әлеуметтік миссиясының маңызды бағыты Білім беру саласын тұрақты дамыту жобаларына қосылды. Бүгінде Макинск мектеп оқушыларының 50%-дан астамы осы мектептерде білім алуда.

AITAS холдингінің үлгісі мен Қордың қызметі ауданда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға үлкен серпін берді. Бұланды ауданының ірі кәсіпорындары – «Журавлевка-1» ЖШС және «Фирма Нанар» ЖШС – Қордың серіктесі атанып, ауданның тұрақты даму стратегиясы аясында жобаларды қаржыландыруға кемінде 110 млн теңге бөлуге дайын екені туралы меморандумға қол қойды. Бұл – өңір тұрғындары мен кәсіпкерлерінің тұрақты даму моделіне деген жоғары сенімінің дәлелі. Демек, біз сенімді және бейжай қарамайтын серіктестерімізбен бірге болашақ ауданын құру жолында дұрыс бағытта келе жатырмыз.