Жаңалықтар

Aitas Foundation Адель Желанскидің еліміздің шығысына сапарын ұйымдастыруға көмектесті

8 желтоқсан күні Ұлттық музейде француз фотосуретшісі Адель Желанскидің «Мен сені жақсы көремін» атты көрмесі өтеді.

Көрмеде ұсынылатын коллаждар мен 45 түпнұсқа фотосуреттің 20-сы – жаңа туынды. Бұл фотосуреттерді Адель Қазақстанға жасаған алты айлық саяхаты кезінде түсірген. Ондағы маңызды жерлердің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданы.
Фотографтың еліміздің шығысына сапарын ұйымдастыруға көмектескен Aitas Foundation ұжымы онымен бірге Катонқарағайдың ерекше атмосферасына еніп, табиғатына тағы бір тамсанып қайтты.

Сондай-ақ Ұлттық музейде алғаш рет өткізіліп жатқан көрмеде Адельдің Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент, Қарағанды ​​және Астана қалаларында түсірген туындылары да қойылған. Елордадағы көрмені 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін тамашалауға болады.