Білім беру
Бұланды

Макинск қ. (Бұланды ауданы) ауылдық мектеп-гимназиясы

Мектеп жобаға 2019 жылы енгізілген. Мұғалімдердің 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың бір бөлігі НЗМ мектептерінде тағылымдамадан өтті.

Жоба аясында физика, химия, биология, география, математика және логика, информатика, роботтехника, бастауыш сыныптарына арналған кабинеттер, инженерия, аспаздық, көркем еңбек шеберханалары және кітапхана жаңартылды.

Мектепте жылыжай, гидропонды қондырғы жұмысы, сондай-ақ FABLab (цифрлық зертхана) іске қосылды.
Жобаны жүзеге асыру кезеңінде білім беру сапасы 61%-дан 69%-ға дейін артты.
Мектепте «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы Л.Ф. Подолько жұмыс істейді.

 
Мерзімі: 2020 жылғы ақпан – 2021 жылғы желтоқсан
Демеушілік: 57 553 249 теңге