Жаңалықтар

Тірек мектептерді дамыту жобасы бойынша 17 мектеп таныстырылды

Іріктеліп алынған мектептердің материалды-техникалық базасы толығымен жаңартылып, ал мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік Мектептерінде оқып, біліктілігін арттырды. Жаңарту жұмыстары осымен тоқтамай, алдағы 3 жылда да оқытушылар НЗМ ұстаздарынан білітілік арттыру курстарынан өтіп отырады.
«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев тағы 53 тірек мектепті таныстыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
“Білім беруді тұрақты дамыту қоры, НЗМ-мен бірлесіп бағдарлама жасақтап, мектептерді жаңартып, жаңа талаптарға сай оқытуды қолға алдық. Біздің мақсат — ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту. Былтырдан бері 17 мектепте жұмыс жүргізсек, басқа да аудан орталықтары мен моноқалалардағы мектептерді іріктеп, мұндай оқу ордаларының қатарын тағы 53-ке көбейту жоспарланып отыр”, - деді Б.Жәмішев.
Осы ретте мектептегі білім сапасын арттыру жұмысында НЗМ орны ерекше екені де атап өтілді. Б.Жәмішев “НЗМ - тірек мектептерді дамытуға қажет жаңа технология, педагогикадағы жаңа біліктіліктің қайнар көзі” деген пікір білдірді. “Aitas.kz компаниясы ашқан 5 мектеп жақсы нәтижесімен қуантты, сондықтан да әрі қарайғы қолдауды қажет деп түйдік”, - деді төраға.
Тірек мектептер жалпы аймаққа жақсы әсер етеді, басқа білім ордаларының ұстаздары тірек мектептерінің тәжірибесін өз мектептерінде қолданып жүр.