Жаңалықтар

«Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының мақсаты қандай?

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын іске асырып жатыр. Жобаның мақсаты – мектептерді НЗМ стандарттары бойынша жабдықтап, оқытушылар құрамына әдіснамалық қолдау көрсету.

2019 жылдан бастап қор Катонқарағай, Ұлан, Бұланды және Бурабай аудандарының 5 мектебіне 1 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды. Осы бағдарламаның нәтижесінде 50-ден астам кабинет қайта жасақталып, жобаны жүзеге асыруға 320 мұғалім мен 3 500-ден астам оқушы атсалысты.