Жаңалықтар

Бұланды ауданын дамытуға арналған фасилитациялық сессия өтті

Бүгін KazGUU университетінің MIND алаңында Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының ұйымдастыруымен фасилитациялық сессия өтті. Онда топ жетекшілері 3 тақырып бойынша өз тұжырымдары мен ұсыныстарын ортаға салды:

•Ақмола облысының Бұланды ауданында ет кластерінің архитектурасын салу.

•Ақмола облысындағы агротуризмді дамыту.

•Тірек ауылдар мен қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту кезінде ESG әдістерін қолдану.

Жиында Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері мен FURST атқарушы директоры Данияр Нұрпейісов Бұланды ауданындағы кластерлік саясат пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады.