«Физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің инжинирингтік NIS HUB-ы педагогтердің үлкен қызығушылығын тудырды. Мұғалімдер оқытудың жаңа бағыттарынан шабыт алып, енді оларды өз мектептерінде енгізуді жоспарлап отыр. Хабтың өзінде де жаңа идеялар мен жобалар пайда болды», — дейді НЗМ өкілдері.
Бірінші күні турға қатысушылар елордалық № 85, №89, №8, Binom мектептеріне, ФМБ НЗМ, Оқушылар сарайына, сондай-ақ «Арқа алаңы» балалар ұлттық спорт түрлері мен «Арт тұмар» ұлттық қолданбалы өнер орталықтарына барды. Мектептер мен орталықтар білім беруді жаңғырту, тиімді оқу процесін ұйымдастыру, білім беру ортасының дизайны, инклюзивті оқыту, эстетикалық тәрбие, салауатты өмір салтының негіздері сияқты бағыттар бойынша арнайы іріктелді.
Турдың екінші күні елорданың Педагогикалық шеберлік орталығы мен Педагогикалық өлшемдер орталығының үздік жаттықтырушылары өткізген оқыту іс-шараларына арналды. Шеберлік сағаттары мен семинарларда мұғалімдерге оқыту әдістемесі мен технологиясы, сабақтарды жоспарлау, саралап оқыту, форматталған және жиынтық бағалау, сондай-ақ оқушылардың әл-ауқаты туралы айтылды.
«Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры НЗМ стандарттарына сәйкес келетін жаңа модификация кабинеттерін сатып алып, оларды мектептерге тегін береді. НЗМ стандарты — бұл МЖМБС бойынша физика мен информатика кабинеті қандай болуы тиіс екенін көрсететін бағдар. Жеке меншік емес, тегін мәртебедегі ауыл мектептері арнайы мұғалімдері бар жаңа базаға ие болады. «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасына қатысушы аудандық мектептердің әрқайсысы15-16 жаңа модификация кабинеттерін алды. Мектеп жабдықтарын жаңарту жалғасуда. Мектеп оқытушылары, біліктілікті арттыру курсынан 100% өтті, енді біз басқа мектептермен тәжірибе алмасу кезеңін бастадық. Қыркүйек айынан бастап біздің мұғалімдер еліміздің үздік мамандарына тағылымдамадан өтуге барады», – деп атап өтті Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Данияр Тоқтарбаев.
Турға Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстан облысының ауыл мектептерінен 25 мұғалім, атап айтқанда, келесі оқу орындарының директорлары, меңгерушілері, психологтары мен тренерлері қатысты: Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі (Ұлан ауданы), С.Ластаев атындағы орта мектебі, Үлкен Нарын атындағы орта мектебі, Өрел атындағы орта мектебі (Катонқарағай ауданы) және Макинск қаласының мектеп-гимназиясы (Бұланды ауданы). Мұғалімдер арасында жеке кейстерді – табысты және проблемалық, тақырыптық кеңестерді талқылау ерекше белсенділік тудырды.