Көкшетауда MIND акселераторы командалары Ақмола облысының активімен кездесті. Кездесуде Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы әрі «ТДМ 8: экономикалық өсу» командасының жетекшісінің бірі Данияр Нұрпейісов баяндама жасады.
Қор басшысы өз сөзінде Бұланды ауданының экономикалық дамуы тақырыбына тоқталды. Онда:
- ет кластерінің архитектурасын құру,
- агротуризмді дамыту,
- тірек ауылдарда инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қозғалды.
Шарада 10 командадан қатысқан 120 ерікті өз жобаларын таныстырып, идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ олар әкімдік пен аймақтық орган өкілдерімен алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.
Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және ҚР Парламенті Сенатының Қоғамдық жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.