Жаңалықтар

Катонқарағай ауданының тұрақты даму қоры белсенділерінің кездесуі өтті

Қор 2024 жылдың қорытындыларын шығарып, 2025 жылға арналған басымдықтарды белгіледі

Алматы қаласында Катонқарағай ауданының тұрақты даму қорының жыл сайынғы белсенділер кездесуі өтті.

Қор басшылығы 2024 жылғы қызметтің есебін ұсынды. Өткен жылдың негізгі жетістіктері ретінде қатысушылар келесі маңызды оқиғаларды атап өтті:
- Ауданның бөлінуі және негізгі мемлекеттік органдардың Катонқарағай ауылына көшуі;
- Аудандағы туризмді дамыту стратегиясының алғашқы кезеңінің аяқталуы;
-Инфрақұрылымның жақсаруы: «Samruk Kazyna Trust» қорының қолдауымен спорт алаңы ашылды, екі көппәтерлі үй жөнделді, сондай-ақ жеті жаңа екі пәтерлі үй ауыл тұрғындарына тапсырылды;
- 480 үй ауызсуға қол жеткізді.

Қатысушылар 2025 жылға арналған стратегиялық бағыттар бойынша басымдықтарды белгіледі:

Экономика саласында – саналы саяхатшылар үшін туризмді дамытуды жалғастыру;
Әлеуметтік салада – Катонқарағай ауданы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, Катонқарағай ауылының сәулеттік келбетін дамыту және ауданның тірек мектептерін жетілдіру;
Экология саласында – Қазақстандағы алғашқы «жасыл» аудан стратегиясын әзірлеу.

Сонымен қатар, 2025 жылы Қордың негізгі қызметінің бірі – Катонқарағай ауданының дамуына үлес қосуға дайын үздік халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарту болмақ.