Жаңалықтар

Jańa Dala / Green Day 2024: Бұланды ауданының аграрлары зиянкестермен күресудің халықаралық үздік тәжірибені зерделейді

«Jańa Dala / Green Day 2024» халықаралық көрме-демонстрациясы аясында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) Бұланды ауданының тұрақты дамыту қорының қолдауымен ауданның фермерлеріне арналған семинарлар ұйымдастырылды.
Екі күн бойы өңірдің 30-дан астам фермеріне пестицидтерді басқару және оларды утилизациялау бойынша үздік кейстер көрсетілді. ФАО сарапшылары өсімдіктерді кешенді қорғау (Integrated Pest Management, IPM) туралы айтып берді. ФАО-ның бұл құралы қауіпті және карантиндік зиянкестердің таралуын бақылауда ұстауға, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және пестицидтерді тұтынуды азайтуға көмектеседі. IPM әдістерін көптеген елде топырақтың тазалығын сақтау, биоәртүрлілікті және халықтың денсаулығын қорғау үшін кеңінен қолданылады.
Қазақстандағы ФАО жобасының ұлттық менеджері Салтанат Баешова осы әдістердің тиімділігін атап өтті:
«Біз өсімдіктерді зиянкестерден кешенді қорғау бойынша сынақтар жүргіздік және айтарлықтай нәтижелер алдық, бұл іс жүзінде пестицидтерді зиянкестерден қорғаудың биологиялық әдістерімен біріктірілген жағдайда пестицидтерді бірнеше есе аз қолдануға болатынын көрсетті. Ендігі ең бастысы – фермерлер бұл әдістің экологиялық қауіпсіздігін ғана емес, экономикалық тиімділігін де түсінуі үшін осы нәтижелерді тарату. Осы мақсатта біз фермерлерге бұл тренингтерді өткізіп отырмыз».
Бұланды ауданының Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры ФАО тәжірибесін аймаққа таратуға ниетті. Бұл туралы Қор басшысы Данияр Нұрпейісов айтты:
«Біздің мақсатымыз кластер архитектурасын дамыту мен құру үшін жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін біріктіру болды. Халықаралық қолдау мен оның тәжірибесі аудандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін өте пайдалы болатынына сенімдіміз».
2024-07-23 11:28