Жаңалықтар

ФУРСТ басшысы «Sustainable Trends Kazakhstan» форумына қатысты

4 маусым күні «Sustainable Trends Kazakhstan-2024» форумы өтті. Онда жаһандық трендтер, ел көлеміндегі сын-қатерлер мен өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары айтылды.
Форумға қатысқан сарапшылар ESG қазақстандық даму жолы туралы өз ақпарат, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ «Өңірлердегі әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты қалалар» панельдік сессиясында Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Данияр Нұрпейісов сөз сөйледі.
Ол өз баяндамасында қордың негізгі мақсаты мен осы кезге дейін жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.
«2022 жылы біз Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге қатыстық. ФУРСТ тәжірибесі тұжырымдаманың жоспарына енгізілді. Ал 2023 жылы аудандардың тұрақты даму стратегиясын әзірлеу әдістемесін дайындадық. Өткен жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдіктерімен осы стратегияны жүзеге асыру бойынша талқылаулар мен іс-шаралар өткізіп келеміз», – деді қор басшысы өз сөзінде.