Жаңалықтар

Aitas Foundation «Үздік әлеуметтік бағдарлама» аталымына ие болды

AITAS агрохолдингінің құрамына кіретін Айтас Foundation корпоративтік қоры Kazakhstan Growth Forum қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік бағдарлама» атанды. Бұл жаңалық түрлі бағыттағы маңызды жобаларды қолдаумен айналысатын Қайырымдылық балы кезінде белгілі болды.
«AITAS холдингі 2019 жылы корпоративтік қор құрды. Мұның бәрі «туған өлкеміздің дамуына үлес қоссақ» деген ортақ идеядан басталды. Ол кезде біз жобаларымыздың қаншалықты ауқым алып кететінін елестете де алмаған едік. Қор аз уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 200-ден астам жобаны жүзеге асырып, 43 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік берді», – дейді AITAS холдингі мен Aitas Foundation негізін қалаушы Серік Толықпаев.
Aitas Foundation құрамында бүгінде Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры және Аймақтық зерттеулер орталығы бар. Одан бөлек, тағы да бірқатар шағын жоба жүзеге асып жатыр.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры «Қазақстан халқына» қоры және НЗМ-мен бірлесіп, еліміздің әрбір ауылдық аймағында тірек мектептер желісін құру бойынша жұмыс жүргізеді. Қордың басты мақсаты – қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту. Тірек мектептерді қолдауға арналған жобаға әр өңірден 85-ке жуық ауыл мектебі қатысады. Бұл – шамамен 70 мыңдай оқушы мен 5 мыңнан астам мұғалім. Осы бастаманың жалғасы ретінде қор Ақтөбе облысындағы 134 білім беру мекемесін қамтитын пилоттық жобаны іске қосты. Шалғайдағы ауыл мектептерінің әлеуетін арттыруды көздейтін жоба «Қазақстан халқына» қоры мен басқа серіктестердің қолдауымен жүзеге асып жатыр.
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры еліміздің үш ауданындағы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартумен айналысады. Қазақстанда 166 ауылдық аймақ болса, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сол себепті қор соңғы 5 жылда білім, медицина, мәдениет, экономика және экология салаларын қамтитын 200-ден астам жобаны жүзеге асырды. Сонымен қатар ауылдық жерлерде отыздан астам инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс жасалды. Ал қазір Ақмола облысының әкімдігі Бұланды ауданын негізге ала отырып, тірек ауылдарды дамыту бағдарламасын әзірлеп жатыр.

2021 жылы Aitas Foundation корпоративтік қоры ​Олимп КДЛ және INVIVO компанияларымен бірлесіп, ауылдарда медициналық орталықтар ашатын кәсіпкерлерді қолдауға арналған гранттық бағдарламаны іске қосты. Соның нәтижесінде 19 зертхана пайдалануға беріліп, еліміздің 8 облысындағы 1,3 миллионнан астам тұрғын диагностикаға дер кезінде қол жеткізетін мүмкіндік алды.
«Біз жобаларды жасау кезінде әртүрлі тараптар синергиясына жүгініп, идеялас адамдарды бір арнаға тоғыстыруға тырыстық. Солайша біз жеке үлгі мен табысты тәжірибе және тұрақты даму стратегияларын басшылыққа ала отырып, ел болашағының имиджін қалыптастырғымыз келеді», – дейді Aitas Foundation директоры Ксения Верба.