Жаңалықтар

Шемонаихада «Ауылдық аймақтардағы интернет» пилотты жобасы іске қосылады

Бүгін 6 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында «Қазақстанның ауылдық аймақтарында интернет» пилотты жобасы іске қосылды. Жоба мақсаты – Шемонаиха мен Катонқарағай аудандарында жылдам әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету.

Пилоттық жоба "Aitas Foundation" қорының бастамасымен іске асырылуда. Жоба жетекшісі Ен Сан Лидің айтуынша, қор ауыл аймақтарда жобаларды жүзеге асыру барысында интернетке қолжетімділік ауыл халқының өмір сапасын, мектептегі білім сапасына тікелей әсер ететініне көз жеткізді.
"Өткен жылы "Aitas Foundation" қоры ауылдық аймақтарда білім беру жобаларын жүзеге асыру барысында еліміздің ауылдарындағы нашар интернет мәселесіне қатысты қиындықтарға тап болды. Білім беру сапасын арттыру бойынша жоба ауқымы өскен сайын интернет тапшылығы әсіресе байқалды. Бұл ретте, қор мамандары мен атқарушы билік өкілдері мәселені шешу жолдарын қарастыра бастады. Қорымыз жұмыс істейтін аймақтарда мәселені шешуге тырыстық. Осылай Катонқарағай мен Шемонаиха аудандарында "Ауылдық аймақтардағы интернет" пилотты жобасы іске қосылды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін серіктестер іздеген болатын. Жергілікті атқарушы органдар мен Фаст Лайн компаниясы қолдау білдірді. Қазір Шемонаиха ауданындағы 3 елді мекенді қамтитын жобаны бастап отырмыз", - деді жоба жетекшісі Ен Сан Ли.
Жоба Катонқарағай мен Шемонаиха аудандарын қамтиды. Ол үшін әуелден қолда бар Транстелеком желілерімен GPON технологиясы арқылы жаңа талшықты оптикалық байланыс желісі магистральдары салынбақ.
«Бизнес, қоғам мен үкіметтің бірлескен жұмысының арқасында ауыл халқының өмір сапасы арта түсуде. Жоба жұмысына сәттілік тілейміз», - деді Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары Медет Елшібай.
Шемонаиха ауданының тұрғыны Данил Бобров «Біздің Шемонаиха шағын, бірақ үлкен қалалардың тұрғындары сияқты ауыл тұрғындарына интернет жылдамдығы мен сапасы маңызды. Бұл дамуға да өз септігін тигізері анық», - дейді ол.
Сонымен қатар, жоба аясында Катонқарағай мен Шемонаиха аудандарындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға да интернет желісі жүргізіледі. Қажет болған жағдайда әр түрлі нысандарда интернет желісін салу немесе жаңарту да жоспарда бар.