Жаңалықтар

«ОЛИМП» КДЗ мен INVIVO кәсіпкерлерге франшизалар ұсынады

«ОЛИМП» КДЗ және INVIVO зертханалық пунктер мен медициналық кабинеттер ашу үшін франшизалар ұсынады. Бағдарламаға биоматериал алу пункттері жоқ аудан орталықтарының кәсіпкерлер қатыса алады. Ол кәсіпкерлер 1 миллион теңге көлеміндегі бір жолғы төлемнен босатылады. Сондай-ақ оларға өндірілген шығынның 50%-на дейінгі (1,5 млн теңгеге дейін) мөлшерде жиһаз және жабдық сатып алуға гранттық қаржыландыру қарастырылған.

Бағдарлама жүзеге асқаннан бері жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын11 грант берілген. Алдағы уақытта тағы 40-тан астам пункт ашылмақ.
2022 жылға арналған жоспардың бірі – ауылдардағы жеке медициналық қызмет көрсететін орталықтардың санын арттыру. Әр түрлі факторларға байланысты грант сомасы екі миллион теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін үй-жайды таңдау, өтінім беру, INVIVO немесе «ОЛИМП» КДЗ компанияларымен франшиза туралы шарт жасасу, лицензия алу және шығындарды қормен келісу қажет. Толық шартты арнайы сұрату арқылы алуға болады.

Айта кетсек, 2022 жылы 70 миллионға жуық соманы құрайтын 40 грант беру жоспарланып отыр.