Парламент Мәжілісінің депутаттары Ермұрат Бапи мен Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысындағы «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы атанған мектептерде қонақ болды. «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Білім беру саласын тұрақты даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жеркілікті әкімдіктер қолдау көрсетіп отыр.
Сапар барысында депутаттар Тарбағатай ауданы, Зайсан қаласы мен Ақжар ауылындағы мектептермен танысты. Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев тірек мектептердегі өзгерістер мен ондағы жаңа мүмкіндіктер жайлы айтып берді.
Депутаттар бірінші Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барды. Бұл – 900-ден астам оқушысы бар қаладағы ең ірі білім мекемелерінің бірі. Жоба аясында биыл мектептің 35 кабинеті жаңа құрал-жабдықтармен жасақталды. Олардың қатарында қосымша білім беру кабинеттері, психолог, асүй мен тігін, ағаш шеберханасы, АРТ және телестудия, STEM зертханасы, кітапхана мен акт залы бар.

Сонан соң қонақтар Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Абай атындағы мектепті барып тамашалады. «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының екінші кезеңіне қатысқан білім мекемесінің қазір 26 оқу кабинеті мен кітапханасы, спорт залының құрал-жабдықтары жаңартылған. Айта кетсек, осы жүз жылдық тарихы бар мектептің алғашқы директорларының бірі «Халық Қаһарманы» орденінің иегері Қасым Қайсенов болған.
Данияр Тоқтарбаев атап өткендей, бұл – тірек мектептерде жасалып жатқан жұмыстың бір ғана бөлігі. Ұзақмерзімді қамтитын шаралардың легі әлі де көп.
Данияр Тоқтарбаев атап өткендей, бұл – тірек мектептерде жасалып жатқан жұмыстың бір ғана бөлігі. Ұзақмерзімді қамтитын шаралардың легі әлі де көп.
«Біз тірек мектептерді серіктестерімізбен бірге бірнеше сала бойынша дамытудамыз. Жоба бірінші кезекте ауыл балаларына берілетін білім сапасын арттыруға бағытталған. Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, тірек мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл әдістемелік қолдау алдағы 3 жыл бойы жалғасады», – деді Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының басшысы.
Мектептермен танысып шыққан Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров білім саласын дамытудың маңызы мен оның негізгі мәселеріне тоқталды.
«Біз ғылыми-техникалық прогреске жақын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындамыз. Бүгінгі мектептің құрал-жабдықтарының барлығы дүниежүзілік тенденцияларға сәйкес келеді. Қазір әлем бойынша жасанды интеллект пен роботтандыру үлкен ауқым алып бара жатыр. Осындай кезеңде біз экономикалық дамудың жаңа нүктесін жасап, балаларымызға жаңа технологиялық жетістіктерге сай білім беруіміз керек», – деді Ерлан Саиров.