Жаңалықтар

Қор жобаларын Жоғарғы Үбі ауылында таныстырды

Жоғарғы Үбі ауылында жергілікті билік өкілдеріне, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділеріне екі маңызды жобаны таныстырдық.

Біздің қолдауымызбен Жоғарғы Үбі ауылының дизайн-коды дайындалған еді. Дизайн-код ауыл сәулетінің бірізді концепция аясында үйлесіммен дамуына септігін тигізеді. Дизайн-кодқа паттерн, ауыл логотипінің бірнеше нұсқасы, сәулетке қатысты шешімдер, ақпараттық нұсқаушалар жүйесі, демалыс орындарын абаттандыру және басқа да жөндеулер кіреді.

Екінші жоба — Жоғарғы Үбінің спорт ядросы болатыр спорт паркінің жобасы. Спорт алаңдары кешені ауыл тұрғындары мен туристерге спортпен, дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасап, спорт жарыстарын, мектеп пен жалпы ауылдық жаттығу жиынын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Таныстырылым соңында екі жобаны да ауыл халқы жақсы қабылдады. Жобалар жергілікті әкімдік пен ААТДҚ-нің бірлесуімен жүзеге асады.

Ауылдың дизайн-коды ресми құжат ретінде қабылданып, бұдан кейін жаңа нысандар жергілікті сәулет және қала құрылысы басқармасының келісімімен салынады. Ал ол басқарма жаңа дизайн-кодқа сай кеңес беріп отырады.