
«Еліміздегі мектептердің 71%-ы – ауыл мектептері. Біз ауылдық жерлерде сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізу үшін БТДҚ құрдық. Біздің бағдарлама аясында біз еліміздің үздік оқу орындарының әдістемелерін ұсына отырып, ауыл мектептерін қолдаймыз, бұл ретте мектептерді жеке демеушілік қаражат есебінен жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен толық жабдықтаймыз. Бағдарлама 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, осы уақыт ішінде біз 5 ауылдық мектептердегі 70 кабинетті жабдықтадық, 300-ге жуық мұғалім еліміздің үздік үйретушілерінің тренингтері мен шеберлік кластарынан өтті. Бір мектепке шамамен 250 млн. теңге көлемінде қаржыландыру қажет», – деп БТДҚ директоры Данияр Тоқтарбаев атап өтті.
Жоба бастамашыларының айтуынша, бағдарлама еліміздің 3 ауданындағы 5 мектепте табысты жүзеге асырылды. 800 млн. теңгеге жуық жеке демеушілік қаражат бөлінді. Осының арқасында 3000 оқушы сапалы білім алуға қол жеткізді. Жобаны іске асырудың 3 жылында бұл мектептерде білім беру сапасының пайызы едәуір өсті, мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға жиі қатысып, жүлделі орындарға ие бола бастады, мұғалімдердің еңбек жағдайынан қанағаттану деңгейі және өз білімдері мен дағдыларына деген сенімділік сапалық тұрғыдан жоғарылады. Нәтижесінде БТДҚ әзірлеген мектептерді жаңғырту моделі «Қазақстан халқына» қоры тарапынан қолдау тапты. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын НЗМ-мен бірлесіп іске асыру және еліміздің 17 облысындағы 17 мектепке әдістемелік және материалдық қолдау көрсету ұсынылды. Бөлінген қаражат тек жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттерді жабдықтауға бағытталады, олар тікелей мектептерге тегін беріледі. Оқу бағдарламалары мен әдістемелік қолдауға арналған операциялық шығындар мен шығыстарды БТДҚ өз мойнына алады.
«Қазақстан халқына» қоры жобаларды қаржыландыру мәселелерінде өзінің қағидаттарын қатаң ұстанады. Бүгінгі меморандумға бастамалар мен іске асырылған БТДҚ бағдарламаларының есебін қатаң талдау негізінде қол қойылды. «Ауыл мектебі» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық кезінде біз тиімді модельді көрдік және оны басқа аудандарға енгізуде қолдау көрсетуді шештік. Бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор, ол ауылдық жерлерде білім беру мен өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектеседі», – деп хабарлайды «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Жәмішев Болат Бидахметұлы.
«Біз Қормен және серіктестермен 2019 жылдан бастап жұмыс істейміз, осы уақыт ішінде біз «Powered by NIS ауыл мектебі» атты үлкен жобаны іске асырып үлгердік. Бағдарлама аясында біз 5 ауылдық оқу орнына мектепті басқару әдістемесін кешенді түрде енгіздік, оқыту технологиясын және жергілікті қоғамдастықпен байланысты күшейттік», – деп хабарлайды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында БТДҚ жобаны енгізуді 5-тен 22 мектепке дейін ұлғайтып, еліміздің жаңа аудандарында қайта құруды жүзеге асыра алады. Бұл Қордың стратегиялық жоспарына сәйкес жақсартылатын 17 тірек оқу орны. Біздің мақсатымыз – 2026 жылға дейін еліміздің 164 ауданын қамту. Біз стратегиялық серіктестермен және демеушілермен ынтымақтастық үшін дайынбыз. Біз өз жұмысымызда тұрақты даму тұжырымдамасын және жүйелілік пен ашықтық қағидаттарын ұстанамыз», – дейді БТДҚ ортақ құрылтайшысы Ксения Верба.
Бағдарлама ҚР Ағарту министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен жүзеге асырылады.