Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорына Ксения Верба өкілдік етті, ол негізгі жобаларды таныстырып, Қоғам, Билік пен Бизнестің синергиясы ретінде тұрақты даму моделі туралы біздің көзқарасымызбен бөлісті, стратегияға негізделе отырып және жобаларды бүкіл елге масштабтай отырып, ортақ мақсатты іске асыруда күш біріктіруге тілек білдірді.
Іс-шараға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ Дамыту бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, ЮНИСЕФ өкілі Артур Ван Дизен, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі Халида Ажигулова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев пен «Ана Үйі» қоғамдық қорының директоры Анара Рахимбаева қатысты.