Жаңалықтар

Aitas Foundation БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды

Aitas Foundation Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартына мүше болғанын қуанышпен хабарлайды! Енді корпоратив қор тұрақты даму жолында белсенді жұмыс істейтін жауапты кәсіпорындардың мықты жаһандық қозғалысының толық мүшесіне айналды.

Аталған шарттың 10 қағидатын қабылдап, тұрақты дамудың 17 мақсатына сәйкес жұмыс істеу — Жаһандық шартқа қатысудың негізгі талабы.

Aitas Foundation тұрақты тәжірибелерді білім беру, денсаулық сақтау, туризм, жалпы даму мен аймақтық дамыту салаларына енгізіп келеді. Осылайша қор оң өзгеріске бастап, идеясы мен құндылықтары үндес басқа да ұйымдар мен қарапайым адамдарға шабыт беруге ұмтылады.

Қор тәжірибелерден қорықпайды. 5 мектепті қолдаудан басталған білім беру жобасы бүгінде республикалық масштабқа ие болып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 85 мектепке жаңа тыныс берді. Жоба уақыт өткен сайын қанат жайып, ал қала мен ауылдағы білім беру алшақтығы қарқынды азайып жатыр. Ал Катонқарағай ауданындағы экотуризмге қатысты жоба жергілікті қауымдастыққа жан бітірген үлкен туристік кластерге айналды. Кластер ауданға ірі кәсіпкерлерді тартты. Олар өз кезегінде ішкі туризмнің әлеуетіне оң бағасын берді.

Жақсы үлгілер қатары жылдан жылға көбейіп келеді және кәсіпкерлер арасынан, билік пен азаматтық қоғам тарапынанан серіктестерді көптеп тартып жатыр.

Қазақстанның әр азаматы тұрақты дамуға бей-жай қарамай, Қазақстанның болашағына сенімді болса — бұл Aitas Foundation ұмтылатын үлкен арман.