Жаңалықтар

Қырғызстанға танымдық саяхат

Тамыз айының соңында @furst.kz және @furo.kz өкілдері «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасы аясында біздің серіктестерімізбен танысып, Bilimkana мектептер желісін зерттеу үшін Қырғызстанға барды.


Сапардың негізгі мақсаты – ауыл мектептері мен лагерьлерінің жұмыс тәжірибесін зерттеу болды. Келесі жылы біз жаңа жобаны – Шығыс Қазақстан облысының Өрел ауылындағы орта мектеп жанындағы жазғы балалар лагерін дайындаймыз.


Біздің команда Bilimkana желісінің құрылтайшысы – Толонду Тойчубаевпен кездесті, Bilimkana 4 мектебіне барып, Bilimkana Shabdan ауылдық мектебінің жанындағы балалар лагерінің қызметімен танысты.


Bilimkana – бұл Қырғызстандағы 13 мекемеден тұратын жеке меншік мектептердің ірі желісі. Олардың екеуі ғана Бішкекте, ал қалғандары ауылдарда орналасқан. Әрбір Bilimkana мектебі ерекше. Мысалы, кішкентай Кант қаласында «Японская» деп аталатын мектеп бар, онда балалар математика мен ағылшын тілінің тереңдетілген бағдарламасынан басқа жапон тілі мен жапон мәдениетін үйренеді. Мектеп түлектерінің көпшілігі осы елге оқуға түседі.

Біздің команда өзінің ұзақ және маңызды сапарын Tamos education, New general school, Hayleiburry, Hightech Academy, Prometheus секілді Алматы қаласындағы жеке меншік мектептердің тәжірибесін зерделеумен жалғастырды. Олар туралы келесі жарияланымда айтатын боламыз.