Шығыс Қазақстан облысында ААТДҚ есеп беру кездесулері 2022 жылғы сәуір айының соңында дәл осы қағидат бойынша құрылды.
Үлкен Нарын, Катон-Қарағай және Өрел ауылдарында Қор командасы Катон-Қарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанмен, жергілікті билік органдарының басшыларымен және қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
ААТДҚ көмегімен ауданда туризм, білім беру, экология және кеңістікте дамыту саласындағы жобалар іске асырылуда.
Кездесулерде біз Қордың 2021 жылғы қызметінің қорытындыларын талқылап, әлеуметтік ортаны дамытудың 2022 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімелестік.
Ауданда Катон-Қарағай ауылын сәулеттік жоспарлау, ауданның адами капиталын дамытуға бағытталған жобаларды бастау қарастырылған, туристік ақпараттық орталықтар құрылады, жаңа қонақ үйлер, абаттандырылған туристік бағдарлар пайда болады, Өрел мектебінде жаңа кітапхана жұмыс істей бастады, абаттандыру бойынша жобалар мен «Powered by NIS ауыл мектебі» білім беру бастамасы жалғасын табады.
Кездесулердің есеп беру бағдарламасы Катон-Қарағай ауылында қазақ фольклорын зерттеуші Еділ Құсайынов пен ауданның музыкалық ұжымдарының бірлескен концертімен аяқталды.