Жаңалықтар

Қазақстан «Өркендеуші қоғамдастықтар» категориясында «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» премиясын ұтты

6 наурыз күні Халықаралық ITB Berlin 2024 туристік көрмесі аясында ШҚО-ның «Катонқарағай аймағын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» премиясының жеңімпазы атанғаны үшін 3-ші орынмен марапатталды. Қоғамдық қор «Өркендеуші қоғамдастықтар» категориясында жеңіске жеткен болатын.

ITB Berlin-ге қатысу Туризм және спорт министрлігінің тапсырысымен және Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.