Жаңалықтар

Жақында швейцариялық Mammut компаниясының бренд-амбассадорлары Катон-Қарағай ауданында болды

Жақында швейцариялық Mammut компаниясының бренд-амбассадорлары Катон-Қарағай ауданында болды.

Еуропадан келген кәсіби шаңғышы-фрирайдерлер табиғаты және саяхат жасау үшін мүмкіндіктерге бай Қазақстанды енді жақсы біледі.

Екі апта ішінде ААТДҚ жолда бірге жүрген итальяндық экстремал-қонақтарымыз қыста Белуха тауының шыңына көтерілуді, содан кейін өздерінің шытырман оқиғалары туралы қысқа метражды фильм түсіру үшін сол жерде шаңғы тебуді жоспарлады.

Өкінішке орай, бұл ойлары Рахмандағы боранға байланысты іске аспады, бірақ оларға Катонның табиғаты қатты әсер етті, кино материалдарын жинап, бастаған жұмыстарын аяқтау үшін оралуға уәде берді.