Жаңалықтар

Аймақтағы кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызды жоба мен табысты істі ұштастыруға көмектесеміз!

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры AITAS холдингінің қолдауымен "Олимп" КДЗ және INVIVO-мен бірлесіп "Аудандардағы зертханалар” жобасын жалғастырады.

Жоба аясында бұрын-сонды "Олимп" КДЗ мен INVIVO франшизасымен бөлімшелер ашылмаған аймақтарда медицина диагностика кабинеттерін ашу үшін кәсіпкерлерге 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Ондай аймақтардың тізімі lab-grant.kz сайтында жарияланған. ⠀
Егер талаптарға сай келемін десеңіз, lab-grant.kz сайтында өтініш қалдыра аласыз. Өтінішіңіз қаралғаннан кейін, мамандарымыз хабарласады.
Басқа да сұрақтарыңыз болса, оған 11 сәуір сағат19:00-де аймақтық даму және денсаулық сақтау бағдарламаларының жетекшісі Фатима Герфанова тікелей эфирде жауап береді.