Жаңалықтар

Білім жобасына кіретін 17 мектептің екіншісі дайын болды!

Павлодар облысы Ертіс ауылындағы №4 орта білім беру мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының аралық нәтижесі таныстырылды.

@furo.kz жоба демеушілері «Қазақстан халқына» қоры және Aitas холдингімен, сонымен қатар бас серіктес «НЗМ» ДББҰ-мен бірлесе отырып, Павлодар облысы Ертіс ауылындағы №4 орта білім беру мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының нәтижесін ұсынды. Бұл мектепте 367 бала оқиды, 45 мұғалім сабақ береді.

Мектептің материалық-техникалық базасын жаңарту мақсатында «Қазақстан халқына» қоры 249 825 000 теңге көлемінде қаражат бөлді. Жаңаша өзгерген 34 кабинеттен бөлек мектеп қабырғасында STEM-зертхана, арт-студия, хореография залы секілді қосымша білім беру орындары жабдықталды. Тіпті өз телестудиясы да бар, ол болашақта мектеп тәжірибесін аудандағы басқа шағын мектептерге бөлісуге көмектеседі.


Бағдарламаның негізгі мақсаты – НЗМ әдістемесін және тәжірибесін енгізу арқылы ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін көтеру. Бұл жолда НЗМ мамандары бәрін тегін өткізіп береді, ал операциялық және әкімшілік шығындар Aitas холдингінің демеушілігімен өтеледі. Назарбаев Зияткерлік мектептері өз сараптамасы мен қызметін тегін ұсынады екен. Алайда түрлі семинар-курсты ұйымдастыруға кететін шығынды AITAS холдингі өтеп береді.

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының директоры Ксения Верба мектептің бірінші кезекте ауылдағы қайнаған өмір ортасына айналуы керектігін атап өтті, сонымен қатар кабинеттер жаңартылған соң, жобаның әдістемелік бөлігі басталатынын, яғни білім беру процесі және оқушылармен жұмыстың жетілдірілетінін еске салды.

Білім саласы ауылдық аймақты тұрақты дамытудың ажырамас бөлігі саналады. Осы орайда бүгін біз серіктестеріміз және демеушілеріміздің қолдауының арқасында жобаның республикалық деңгейге шыққанын, яғни елдің 17 облысындағы 22 мектеп қатысушы атанғанын мақтана хабарлай аламыз!

Бағдарламаға қолдау білдірген, сенім танытқан, ынтымақтастық орнатқан барлық демеуші мен серіктесімізге алғыс білдіреміз!