Жаңалықтар

TOR’RE компаниясы және кәсіпкер Серік Толықпаев Катонқарағайда қонақ үй кешенін салады

TOR’RE компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Жақсылықов пен AITAS холдингінің негізін қалаушы, қазақстандық бизнесмен Серік Толықпаев, Accor New East Europe Бас директоры Алексей Делароффпен бірге кездесу өткізіп, болашақ қонақ үй кешенінің құрылысы аясындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады. Жоспарланған жоба Еуразияның географиялық орталығында орналасқан және Қытай, Моңғолия және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасады. Тараптар қонақ үй индустриясының әлемдік стандарттарын сақтаудың және қазақтың бай қонақжай мәдениетін интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті. Жоба жеке инвестицияларға іске асатын болады. Жобаның жүзеге асуына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Kazakh Tourism» АҚ-ғы қолдау көрсетуге дайын.
Серік Толықпаев, AITAS холдингінің негізін қалаушы: «Катонқарағай - табиғаты керемет және орасан туристік әлеуеті бар бірегей аудан және біз AITAS холдингінің корпоративтік қорларының әлеуметтік қызметі арқылы аумақтарды тұрақты дамыту тетігін тестілейтін өңірлердің бірі. Оның үстіне - бұл менің отаным, сондықтан біздің осындай маңызды әрі әдемі жобаны іске қосу жөніндегі ынтымақ мен үшін құнды»
Ерболат Жақсылықов, TOR’RE:
«Біз қонақжайлық индустриясындағы қазақстандық компаниямыз.Құрылыста, қонақ үй нысандарын басқаруда тәжірибеміз бар. Серік Толықпаевпен және болашақта осы жоба бойынша Accor халықаралық тобымен ынтымағымызға үлкен ықыласпен қараймыз. Біздің компания құрылысты басқарумен, негізгі серіктестермен өзара іс-қимылмен және кейіннен кешенді басқарумен айналысады.»
Сондай-ақ, кездесуде халықаралық қонақ үй операторларының, Glion Университеті, Швейцария сияқты мамандандырылған оқу орындарының өкілдерін тарта отырып, қонақ үй бизнесінің ұлттық стандартын танымал ету және коммерцияландыру үшін жергілікті стандарттарды әзірлеу жөніндегі Сараптамалық кеңес құру бастамасы айтылды. Аталған бастама «Kazakh Tourism» АҚ туризмді дамытудың ұлттық операторынан және нарықтың басқа да қатысушыларынан қолдау тапты. Кеңес жұмысын TOR’RE Hospitality Management бас директоры Кристофф Шляйссинг басқарады. Шляйссинг мырза Египеттегі Hilton Luxembourg, Hilton Luxor Resort & Spa, Омандағы The Millennium Resort Mussanah, Қазақстанда Астанадағы Rixos Borovoe және The Ritz Carlton сияқты танымал қонақ үй нысандарын басқарған.
Кристофф Шляйссинг:
«Мен әрқашан қазақтардың қонақжайлылығының бай мәдениетіне тәнті боламын. Біз командамен нарықтың қалай өсіп, үлкейіп келе жатқанын көріп отырмыз, индустрияны стандарттаудың заманауи тәсілдерін әзірлейтін уақыт келді. Ол үшін бізде халықаралық тәжірибе және индустрияға қатысушылардың өсіп келе жатқан сұранысы бар. TOR’RE барлық жобалары қазақ қонақжайлылығы дәстүрін көтеретін болады.»
Қонақ үй құрылысының басталу және аяқталу күндері жобаның дамуына қарай жарияланады.