«Мен өзім ауылда оқыдым, қала тұрғындары үшін де, ауыл тұрғындары үшін де білім сапасы жоғары болуы керек деген ойдамын. Сапалы білімсіз елдегі адами капиталдың әлеуетін жүзеге асыру мүмкін емес. Тұрақты дамудың бір жолы – әлеуметтік ортаны, экономиканы және экологияны жақсарту. Қоғамдық дамудың негізі — білім, медицина және мәдениет. Біз білімді таңдадық», - дейді кәсіпкер.
«Бақытты болғың келе ме? Айналаңды қуанышқа бөлей бер. Халыққа қызмет ету, еліміздің тұрақты дамуына атсалысу – біз үшін жай сөз емес. Біздің компания үшін бизнес сияқты қызметіміздің толыққанды бөлігі», - дейді Серік Толықпаев.