Жаңалықтар

Серік Толықпаев: Жасанды интеллект арқасында кірісімізді10%-15% ұлғайттық

Бүгін Алматыда саясаткерлер, экономистер мен бизнес көшбасшылары бас қосқан Kazakhstan Growth форумы өтті. Елдегі ең ірі агрохолдинг Aitas Foundation-нің негізін қалаушы Серік Толықпаев генеративті жасанды интеллект арқылы бизнесті түрлендіруге арналған GROWTH BEYOND TRANSFORMATION панельдік сессиясында сөз сөйледі. Ол цифрландыру мен жасанды интеллектіні агросекторда қолданудың артықшылығын және бизнесті басқару жүйесіндегі инновациялық тәсілдер туралы айтты.
Холдинг компаниялары соңғы екі жылда жасанды интеллектіні өсімдік шаруашылығында белсенді қолдану арқылы 10%-15% қосымша табыс тауып отыр. Серік Толықпаев AITAS холдингі жаңа инновацияларды, оның ішінде нарықтағы құндылықтар теңгерімін өзгертетін жобаларды әрқашан қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар ол AITAS холдингінің трансформациясы туралы айтты.
«Компания қазір ерекше кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мұны біз «бифуркация кезеңі» деп те атап жүрміз. Басқару жүйесіне сүйене отырып, бизнесіміздің бүгіні мен болашағын үш бағытқа бөлдік: Run, Change және Disrupt.
• Run – бұл белгілі бір қарқынмен өсетін, көбіне нарық шекараларымен байланысты бизнес.
• Change – нарықтағы ресурстарды арттыра алатын одақтармен, стратегтермен бірлескен жүйе.
• Disrupt – бұл стартаптар мен жаңа бизнес модельдер.
Менің ойымша, бұл – өте қызық модель. Біз бүкіл әлем бойынша жойқын технологияларды іздейміз және қаржылық ресурсымыздың 10%-ын соған жұмсаймыз. Өйткені ол бізге мықты мүмкіндіктер сыйлайтынына сенеміз», – деді Серік Толықпаев.