Денсаулық сақтау
Дәріханалар

Аrzan Pharm дәріханалар желісі

Ауылдық жерлердегі өзекті проблема – дәрі-дәрмектерге қол жеткізу. Қазақстанның шағын ауылдарында дәріханалар өте тапшы. Жергілікті тұрғындар, әдетте, дәрі-дәрмектерді аудан орталықтарынан немесе жақын қалалардан сатып алады. Біз Қазақстанда дәріханалар көп болуы тиіс, әрбір ауыл тұрғыны оларға қол жеткізе алуы тиіс екеніне сенімдіміз.

2021 жылы біз Бұланды ауданында дәріхана аштық. Жобаны іске асыру үшін Қор Аrzan Pharm дәріханалар желісін шақырды. Сондай-ақ біздің серіктестеріміз 2021 жылдың қараша айында Макинскіде дәріхана ашты.