Фатима Герфанова
Өңірлік даму бағдарламасы мен денсаулық сақтау бағдарламасының жетекшісі

Ауыл ауруханаларының даму деңгейі қашанда қалалық деңгейден төмен болды. Ал пандемияның басталуы медицина мамандарының, техниканың, жабдықтар мен шығыс материалдарының жетіспеу проблемасын айқын көрсетті.

Қазіргі проблемалар туралы біле отырып, біз ауылдық жерлерде медициналық диагностиканы қолжетімді ету туралы шешім қабылдадық. Біз ауруханаларда медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс істейміз, жеке дәрігерлік кабинеттер ашуға гранттар береміз және дәріхана желілерін ашуға серіктестерді тартамыз.

Теңіз тамшылардан құралады. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын білеміз. Бір мәселену шешу үшін қолыңызда мүмкіндік пен ресурс болса, аянбау қажет.

Денсаулық сақтау саласының дамыған жүйесі ұлт денсаулығын сақтауда бірінші дәрежелі мәнге ие. Сапалы медициналық қызметтер – бұл салауатты өмір салтымен, дұрыс тамақтанумен және қалыпты дене жүктемесімен қатар қазақстандықтардың ұзақ өмір сүруінің кепілі. Ауыр сырқаттарды ерте диагностикалауға ерекше назар аудару керек, өйткені олардың басым көпшілігі ерте сатысында консервативті емдеуге жатады. Бұл жерде ауылдарда диагностикалық зертханалардың болуы және жабдықталуы мәселесі бірінші орынға шығады.

2021 жылғы сәуірдегі деректер бойынша Қазақстанның 50-ден астам аудан орталығында өз диагностикалық зертханалары жоқ. Ал аудандық ауруханалардың клиникалық зертханалары медициналық талдаулардың шектеулі тізбесін жүргізеді. Көбінесе ауыл тұрғындары қарапайым медициналық қызметтерді алуға облыс орталығына бару үшін уақыт пен ақша жұмсауға мәжбүр болады.

Проблема Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында айтарлықтай өзекті.
Қор «ОЛИМП» КДЗ және INVIVO диагностикалық зертханалар желісімен бірлесіп, «Ауылдық жерлерде биоматериал алу пункттерін ашу» бағдарламасын іске асыруда. Осы жобаның арқасында ауыл тұрғындарында талдаулардың үлкен тізбесін жылдам тапсыруға мүмкіндік пайда болды, ал нәтижесі барынша дәл болады.
Ауылдық жерлерде биоматериал алу пункттерін ашу
«ОЛИМП» КДЗ және INVIVO зертханалық пункттер мен медициналық кабинеттер ашу үшін франшизалар ұсынады.

Бағдарламаға биоматериал алу пункттері жоқ аудан орталықтарының кәсіпкерлері қатыса алады. Олар үшін 1 миллион теңге мөлшерінде бір реттік төлем (паушалды жарна) алып тасталады, сондай-ақ оларға өндірілген шығындардың 50%-на дейін (1,5 млн теңгеге дейін) мөлшерде жиһаз және жабдық сатып алуға гранттық қаржыландыру қолжетімді.

Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы сомасы 20 млн теңгеге 18 грант берілді. Алдағы уақытта тағы 30-тан астам пункт ашылмақ.
20 млн
берілген гранттардың жалпы сомасы
30+
ауылдық аймақ жоспарда
Бағдарлама туралы пікірлер
  • Биоматериалды алу пункті алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылында ашылды. Пункт INVIVO франшизасы бойынша жұмыс істейді және клиникалық диагностика қызметтерін Бородулиха тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар іргелес ауылдардың да тұрғындарына ұсынады.

    Пунктті Ольга Скокова ашқан. Ол ұзақ уақыт бойы электр тауарлары дүкенінде бухгалтер-кассир болып жұмыс істеген, бірақ әрқашан өз бизнесін ашуды армандаған. Ольга франшиза жобасы туралы әпкесінен естіген, олар бірге қажетті соманы есептеп, процесті бастаған.

    Тұрақты даму қоры 1 200 000 теңге бөлген, Ольга ол қаражатқа қажетті жабдық пен жиһаз сатып алған.
    Ольга Скокова
    Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы

    «Мен ауыл тұрғындарына сапалы медициналық диагностика ұсыну туралы Қор идеясымен келісемін, болашаққа құлшыныспен қараймын және болашақта Семей қаласында биоматериал алу пунктін ашуды жоспарлап отырмын»
  • Анна Прутникова Әйет ауылында (Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы) зертханалық кабинет ашқан. Ауыл Лисаковскіден 36 шақырым және Қостанайдан 95 шақырым жерде орналасқан.

    Зертхана ашылғанға дейін аудан орталығы мен айналасындағы ауылдардың тұрғындары зертханаға Рудныйға (40 км) немесе Қостанайға (80 км) баруға мәжбүр болған.

    Анна Прудникованың бизнеспен айналысып жүргеніне ұзақ уақыт болды, ол бірнеше жыл бойы сату үшін құс өсірген. Биоматериалды алу пункттерін ашуға арналған гранттар туралы естігенде, ол бизнестің жаңа бағытына қызығушылық танытқан.
    1-топ мүгедегі бола тұра Анна талдау тапсыру кезінде қиындықтарға жиі тап болады — оған үнемі Әйет кентінен Рудный қаласына баруға тура келетін.
    Қор Аннаның бастамасын қолдап, кабинет ашуға 1,4 млн теңге грант берген.
    Анна Прутникова
    Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы

    «Әрине, ауыл тұрғындары өте риза. Біз Қордың грантынсыз пункт ашпайтын едік — халық аз, өтелу мерзімі өте ұзақ. Грант есебінен өтелу мерзімі айтарлықтай қысқарды»
  • Қор франшиза бойынша Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында диагностикалық зертхана ашу идеясын көптен бері ойлап жүрген Гаухар Берікқожаеваға қолдау көрсетті. Ол жиһаз, техника мен жабдық сатып алуға 1,5 млн теңге көлемінде грант алған. Қазір Қасым Қайсенов атындағы ауыл тұрғындары Өскемен қаласына бармай-ақ, сол жерде INVIVO франшизасы бойынша ашылған биоматериалды алу пунктінде талдау тапсыра алады.

    Гаухардың жоспары — Қасым Қайсенов атындағы кент тұрғындары үшін медициналық қызметтер тізбесін кеңейту. Сондай-ақ кәсіпкер УДЗ кабинетін ашуды да жоспарлап отыр.
    Гаухар Берікқожаева
    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов атындағы кент
  • Қостанай облысының Денисовка ауылында 4 мыңнан астам тұрғын бар, ал Денисов ауданының өзінде 18 мыңнан астам адам тұрады.

    Елдос Мұханбетовтың бастамасын ауылдастары қолдаған. Енді олардың өз биоматериал алу пункті бар, енді талдау тапсыру үшін 170 шақырым жерде орналасқан Қостанайға барудың қажеті жоқ.

    «ОЛИМП» КДЗ франшизасы бойынша зертханалық кабинет 2021 жылғы қыркүйекте ашылып, қазір аудан орталығының тұрғындары арасында ғана емес, сонымен қатар айналадағы ауылдар арасында да танымал. Қор жобаға ауыл тұрғындары үшін диагностиканың қолжетімділігін арттыру бағдарламасы аясында грант бөлу арқылы қолдау көрсеткен.
    Елдос Муханбетов
    Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы
Биоматериал алу пункттері — әрбір ауылдық ауданға
Біздің 2022 жылға арналған жоспарымызда жеке медициналық диагностикасы жоқ ауылдық аудандардың барынша көп санын қамту көзделген. Әртүрлі факторларға байланысты грант сомасы екі миллион теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін үй-жайды таңдау, өтінім беру, INVIVO немесе «ОЛИМП» КДЗ компанияларымен франшиза туралы шарт жасасу, лицензия алу және шығындарды Қормен келісу қажет. Толық шарттарды сұраныс бойынша алуға болады.
30 грант
Беруді жоспарлап отырмыз
~70 млн
Жуық сома
Жоба серіктестері
INVIVO зертханасы – Орталық Азия өңіріндегі желілік өңірлік құрылымы бар алғашқы зертхана.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 350-ден астам қабылдау пункті, 600-ден астам білікті маман табысты жұмыс істеуде.
«ОЛИМП» КДЗ бүгінгі таңда Қазақстан аумағындағы жеке зертханалардың ірі желісі болып табылады – 400-ден астам емшара кабинеті мен 18 зертханасы бар.
      «Ашық жүрек» жобасы
      «Ашық жүрек» жобасы COVID-19-дың таралуына қарсы күрес үшін құрылған.

      Жоба аясында біз Қазақстанның 4 қаласында: Астана, Көкшетау, Семей және Өскеменде биоматериал алуға арналған мобильді пункттер аштық.

      Жоба жергілікті әкімдіктермен және «ОЛИМП» КДЗ-мен бірлесіп жүзеге асырылды.

      Сонымен қатар біз 6 ӨЖВ аппараты мен дезинфекциялауға арналған 38 бүркуіш сатып алып, жергілікті ауруханаларға бердік.
      4
      қала мобильді пунктпен қамтылды
      39 млн
      Қордан берілген қаражаттың жалпы сомасы
      50,000
      экспресс-тест сатып алынды
      2020 ж. 15 наурызда
      Астана қаласындағы алғашқы пункт ашылды
      Өскемен қаласы
      Астана қаласы