«Заманауи ауыл шаруалығы – жоғары технологиялық сала, ал білім беру бұрынғыша қалып отыр. Мысалы, бірде-бір жерде цифрлық ауыл шаруашылығын үйретпейді. Біз халықаралық серіктестермен байланыс орнаттық, олардың қатарында бірінші кезекте Францияның Ауыл шаруашылығы министрлігін, канадалық Саскачевандағы Политехникалық университетті атауға болады. Серіктестеріміз қазақстандық аграрлық жас кадрларға заманауи білім беруге дайын», — деп атап өтті Әлия Сванова конференция барысында.
«26 болашақ механизатор заманауи трактор мен басқадай техникаға қойылған негізгі цифрлық құрылғылар туралы ақпарат алды, сонымен қатар бұл білімді іс жүзінде байқап көрді», — дейді Сванова.