“Қазақтың көне дүниелерін жаңартумен, қалпына келтірумен айналысамын. Бүгінге дейін қордың тапсырысын орындап келеміз. Сол қордың тапсырысының арқасында Катонқарағайдан көшпей, кәсібімізді дөңгелетіп отыруға мүмкіндік туып отыр”, - дейді кәсіпкер.
“Өзіміз де шебер ретінде бір нәрсені қайталай бермей, жаңа туындылар жасауға ұмтыламыз. Ешкім жасамаған бұйымды жасағанды қалап тұрамыз. Өкінішке орай ондай мүмкіндік туа бермейді. Тапсырыстан үлгермей жүрміз”, - деп ойын білдіреді қолөнерші.
“Шеберлігіне сөз жоқ, онымен қоса бұл кәсіпке қызыққан адамға тегін үйретемін деген ниеті де бізді бей-жай қалдырмады”, - дейді қор өкілдері.
“Ағаштың адам денсаулығына да пайдасы орасан. Сондықтан осы жақтан көшпейміз. Қордың арқасында көшу қажеттілігі де жоғалды. Қандай да бір тапсырысты бізге береді. Біздің табысымыз артсын деген тілегіне ризамыз”, - деп алғысын айтты Бақытбек Жалымбетов.
“Қазір ауданымыздың жағдайы жақсаратынына сенім пайда болды. Құрылыс күшейді, сәкесінше жұмыс орындары да жетерлік. Шеберлікке де жарқын болашақ бар. Өйткені жылдан жылға сұраныс артып жатыр. Катонқарағайлықтардың қабілеті жақсы. Аймақта туризм дамыған сайын сол салаға бейімделіп жатқандар баршылық. Оларды өмірдің өзі жетектеп жатыр. Катон әлі де дамиды деп ойлаймыз, жақсылықтан үміттіміз”, - дейді аудан тұрғыны.