Ауылдық аймақты тұрақты дамыту қоры жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады. Бүгін сіздерді солардың бірі — Бақытбек Мұхаммедрақымұлымен таныстырамыз.
Бақытбек Жалымбетов — ағаш шебері, қолөнерші. Ол ағаштардың табиғи қалпын сақтап отырып қолөнер бұйымдарын, түрлі жиһаздарды дайындайды.
Бақытбек Жалымбетов — ағаш шебері, қолөнерші. Ол ағаштардың табиғи қалпын сақтап отырып қолөнер бұйымдарын, түрлі жиһаздарды дайындайды.
“Қазақтың көне дүниелерін жаңартумен, қалпына келтірумен айналысамын. Бүгінге дейін қордың тапсырысын орындап келеміз. Сол қордың тапсырысының арқасында Катонқарағайдан көшпей, кәсібімізді дөңгелетіп отыруға мүмкіндік туып отыр”, - дейді кәсіпкер.
Шебер жұмыс барысында қызығып түрлі дүниелер жасауға тырысатынын айтады. Ал қазіргі кезде астау, қымыз құюға арналған шара мен кеселерге сұраныс жоғары екенін ортаға салды.
“Өзіміз де шебер ретінде бір нәрсені қайталай бермей, жаңа туындылар жасауға ұмтыламыз. Ешкім жасамаған бұйымды жасағанды қалап тұрамыз. Өкінішке орай ондай мүмкіндік туа бермейді. Тапсырыстан үлгермей жүрміз”, - деп ойын білдіреді қолөнерші.
Қор өкілдері Бақытбектің жұмысын алғаш көргенде тәнті болғанын жасырмады.
“Шеберлігіне сөз жоқ, онымен қоса бұл кәсіпке қызыққан адамға тегін үйретемін деген ниеті де бізді бей-жай қалдырмады”, - дейді қор өкілдері.
Қор 2021 жылы шеберге 3 млн теңге көлемінде грант берді. Бақытбек Жалымбетовтың айтуынша, ол қаражатқа шеберхана мен жасаған бұйымдарды сататын дүңгіршек ашуға жұмсаған.
Бақытбек Жалымбетовтың Катонқарағайдан көшпеуінің бір себебі — аймақта өсетін балқарағай ағашы.
Бақытбек Жалымбетовтың Катонқарағайдан көшпеуінің бір себебі — аймақта өсетін балқарағай ағашы.
“Ағаштың адам денсаулығына да пайдасы орасан. Сондықтан осы жақтан көшпейміз. Қордың арқасында көшу қажеттілігі де жоғалды. Қандай да бір тапсырысты бізге береді. Біздің табысымыз артсын деген тілегіне ризамыз”, - деп алғысын айтты Бақытбек Жалымбетов.
Катонқарағайлық шебер ауданның көз алдында дамып жатқанын да айтып қуанды.
“Қазір ауданымыздың жағдайы жақсаратынына сенім пайда болды. Құрылыс күшейді, сәкесінше жұмыс орындары да жетерлік. Шеберлікке де жарқын болашақ бар. Өйткені жылдан жылға сұраныс артып жатыр. Катонқарағайлықтардың қабілеті жақсы. Аймақта туризм дамыған сайын сол салаға бейімделіп жатқандар баршылық. Оларды өмірдің өзі жетектеп жатыр. Катон әлі де дамиды деп ойлаймыз, жақсылықтан үміттіміз”, - дейді аудан тұрғыны.