Катон-Қарағай ауданы
Білім беру

Үлкен Нарын орта мектебі, Үлкен Нарын ауылы

Мектеп бағдарламаға 2019 жылдан бастап қатысады және бастапқы алаңдардың бірі болды. Бағдарлама аясында мектептің дамуына терең талдау, ата-аналар мен оқушылардан сауалнама алу, мектеп құжаттарын түгендеу, мұғалімдерден сауалнама алу және 4 және 8-сынып оқушыларына арналған емтихандар алу жұмыстары жүргізілді. Талдау негізінде мектептің даму жоспары жасалды.

Бүгінгі таңда мектеп «Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының екінші кезеңінен өтті, білім беру мекемесінің оқытушылар құрамы біліктілікті арттыру бойынша 150 іс-шараға, соның ішінде Өскемен қаласындағы НЗМ мектебінде тағылымдамадан өтуге, Педагогикалық шеберлік орталығының тереңдетілген курстарына қатысты.

Мектепке жаңа модификация кабинеттері қойылды: информатика, робототехника, кітапхана, физика, химия, математика және логика, биология, зертханалар, сондай-ақ инженерия, көркем еңбек және аспаздық шеберханалары. Барлық кабинеттерде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Цифрлар: 
Мерзімі: басталуы - 2020 жыл
аяқталуы - 2023 жыл
Бюджет: 58 788 978 тг