Катон-Қарағай ауданы

Катонқарағай ауданы Top 100 Green Destinations Stories 2023 байқауына қатысып жатыр

Green Destinations Top 100 Stories байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын 100-ге жуық бағытты басқа бағыттар, туроператорлар мен келушілер үшін тұрақты дамудың үлгісі ретінде атап өтіп, дәріптейді.
Жыл сайын байқау аясында тұрақты басқару мен туристік аймақтарды қайта қалпына келтіру бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелер жинағы жасалады. Онда көшбасшылардың жетістіктері көпке таныстырылады. Ал ол өз кезегінде туристік бағыттар, мекемелер мен саяхатшыларға шабыт береді.

Катонқарағай ауданы бұл байқауға қатысып жатқан Қазақстандағы алғашқы бағыт болып отыр. Байқау нәтижесі қазанда белгілі болады.
Осы ретте Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры Катонқарағай туристік кластерінің дамуымен 2019 жылдан бері белсенді айналысып келетінін еске сала кеткен жөн.