Бұланды ауданы
Денсаулық сақтау

«Ашық Жүрек» жобасы

Жобаның мақсаты - бірінші қорғаныс желісін қалыптастыру есебінен коронавирустық инфекциямен күресу. Жоба аясында біз Ақмола облысының жеке және мемлекеттік зертханаларына өтеусіз негізде 15 000 дана ИФТ тест (45 млн теңгеге) жеткіздік. Бұдан бөлек, біз Көкшетауда (10 млн теңгеге) биоматериал алудың заманауи мобильді пунктін салып, толық жабдықтадық.

Сондай-ақ Қор қаражатына (14 миллион) Бұланды аудандық ауруханасы үшін дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары, үй-жайларды санитариялық өңдеу аппараттары мен оттегі баллондары сатып алынды. Жобаны осы уақытқа дейін ауруханаға көмек көрсетіп келген жергілікті кәсіпкерлер қолдады.

Мерзімі - 2020 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін
Бюджет - 14 000 000 теңге - жиналған қаражат
онын ішінде:
7 000 000 теңге - Қор
7 000 000 теңге - кәсіпкерлердің жергілікті қоғамдастығы