Катон-Қарағай ауданы
Туризм

"Алтайдай жер қайда?!" Халықаралық Айтыс

1 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында өткен "Алтайдай жер қайда?!" атты халықаралық айтыста Қазақстаннан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген айтыскерлер суырып салма өнерлерімен жарысқа шықты.
Бұл көшпелі халықтың бірегей мәдениетіне, тіліне арналған нағыз рухани және ақындар мерекесіне айналды.
"Алтайдай жер қайда?!" атты халықаралық айтыстың жеңімпазы болып Ардабек Ақбаба атанды - ол бас жүлде - 5 миллион теңгені ұтып алды.

Мұндай қызықты әрі ауқымды іс-шараны ұйымдастырумен біз алғаш рет айналысып отырғандықтан, осындый баға жетпес тәжірибемен бөліскіміз келеді!