Ұлан ауданы
Ауылдық аумақтарды кеңістіктік дамыту

Қасым Қайсенов кентіндегі аулаларды абаттандыру

Қор қаражатына Қасым Қайсенов кентінде балалар алаңы салынып, аула абаттандырылды. Аула Нұржау көшесі, 27 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан.

Балалар төбешіктен сырғанап, әткеншек тебе алады, сонымен қатар үстел теннисін ойнайды, ал ата-аналар ауладағы жаппаларда отырып, оларды бақылай алады.
Абаттандырылған аумақтың ауданы-3900 м2. Жобаның құны 20,9 млн теңгені құрады.